Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Жаңалықтар

Қазақстан мен Қытай контейнерлік хаб құрылысын бастады

Биыл қарашада Маңғыстау облысындағы Каспий теңізінің жағалауында Ақтау портының өткізу қабілетін жылына 240 мың ЖФЭ-ге дейін арттыруға мүмкіндік беретін алғашқы контейнерлік хабтың құрылысы басталды. Жобаны «Ляньюньган порты» АҚ және Ақтау теңіз сауда порты бірлесіп жүзеге асыруда.

Бұл жоба — елдің халықаралық логистикалық жүйедегі ұстанымын арттырады және көлік-логистикалық саланың әлеуетін кеңейтеді. Нақтырақ айтсақ, хаб құрылысы Әзірбайжан, Грузия, Түркия арқылы Транскаспий бағытында контейнерлерді тасымалдауды ұлғайтуға және Қытайдан Еуропаға келетін транзиттік жүктердің бір бөлігін қайта бағдарлауға мүмкіндік береді.

✔️Қазіргі уақытта 20-дан астам арнайы техниканың көмегімен жердегі учаскені вертикальды жоспарлау бойынша жұмыс жасалып жатыр.

Айта кетейік, бүгінгі таңда теңіз порттары арқылы контейнерлік тасымалдар бойынша көрсеткіш 84% — ға артып, 58 мың ЖФЭ құрап отыр. Бұл ретте Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХТМ) бойынша контейнерлік тасымалдардың өсуі 2,7 есе байқалады.

Аталған жұмыстарды 2025 жылдың ортасында аяқтау жоспарланып отыр.

Сәйкес жаңалықтар

Азия ойындары: Хоккейден Қазақстан қыздар құрамасы Қытайды жеңді

bairakkz

Сегодня в избирательном участке отдал свой голос молодой учёный и преподаватель города Талдыкорган — Тойгулов Таир Талгатович.

bairakkz

Елена Рыбакина Australian Open-2025 турнирін ірі жеңіспен бастады

bairakkz