Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарСпорт

Олимпиада жүлдегері Арман Шылманов жаңа қызметке тағайындалды

Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері Арман Шылманов Атыраудағы олимпиада резервін дайындау орталығының директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды  bairak.kz.

Ол  4 ақпанда Атырау облысы Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының «Олимпиада резервін дайындау орталығының» директоры болды.

Арман Шылманов 1984 жылы дүниеге келген. Таеквондодан 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері.

Сондай-ақ ол әлем чемпионатының екі дүркін қола (2007, 2009 жылдары), Азия чемпионатының екі дүркін қола (2002, 2008 жылдары), екі дүркін күміс (2010, 2012 жылдары) жүлдегері әрі Азия чемпионы болған.

Бұдан бөлек, Арман Шылманов Азия ойындарының үш дүркін қола (2002, 2006, 2010 жылдары) жүлдегері атанған.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері және «Құрмет» орденінің иегері.

Әр жылдары таеквондодан Қазақстан Республикасының мемлекеттік жаттықтырушысы, Атырау аймақтық спортты дамыту орталығы директорының орынбасары, Қазақстан таеквондо федерациясының вице-президенті қызметтерін атқарған.

Сәйкес жаңалықтар

Алматыда ер адам әуежай қызметкеріне пышақпен тап берді

bairakkz

«СПОРТ ШЕБЕРІ «: БОКСТАН ДӘУКЕН СМАҒҰЛОВТЫ ЕСКЕ АЛУ ТУРНИРІ ӨТТІ

bairakkz

Нұрсұлтан Жақсыген әйеліне қатысты соңғы шешімін айтты

bairakkz