Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Жаңалықтар

Елімізде қыз алып қашқандар 5 жылға сотталуы мүмкін

Pixabay.com

Енді қыз алып қашқандар 3 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімге қамалуы мүмкін, деп хабарлайды bairak.kz.

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбеновтің айтуынша, заңға толықтыру ҚР Қылмыстық кодексінің оңтайландыру жөніндегі жұмыс тобының қарауында.

Жауапкершілік бас бостандығынан айыру, айыппұлдар, қоғамдық жұмыстар секілді түрлері қарастырылған.

Барлығы жағдайға байланысты. Егер кәмелет жасына толмаған қыз балаға қатысты ма және оны адамдар тобы жасады ма, қандай да бір зиян келтірілді ме, психологиялық немесе физикалық қысым жасалды ма, оның бәрі бөлек қаралады, – деп нақтылады депутат.

Сәйкес жаңалықтар

Олжас Бектенов NU және НЗМ Жоғары қамқоршылық кеңесінің отырысын өткізді

bairakkz

Франция Майотта аралында төтенше жағдай жарияланды

bairakkz

Ақтауда теңіз жағалауында сенбілік өтті

bairakkz