Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарШоу-бизнес

Тағы бір бизнес ашқан Айнұр Тұрсынбаева халықтың сынына жауап берді

Танымал айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева су жаңа бизнесін сынағандарға жауап берді, деп хабарлайды bairak.kz.

Айтыс саласының өкілі сұңғыла өсімдігінің шетелге сатылып жатқанына алаңдайтынын жеткізді.

“Кішкентай кезімнен сұңғыланың тамырын қытайлар тонналап әкетіп жатқанын көзімізбен көрдік! Бірақ «Қытайлар бізді тонап жатыр» деп бір адам айтты ма?! Жоқ! Сол тамырдың қызығын өзіміз көрейік деп зауыт соқтық, бірақ біз тонаушы болып шыға келдік. Логика қайда?» – деп жазды психолог-коуч.

Сонымен қатар айтыскер ақын ұзақ уақыт бойы ресейлік желілік компанияда жұмыс істегенін, сол кезде ешкім «орыстар бізді тонап жатыр» деп айтпағанын атап өтті.

“8 жыл Ресей компаниясында жұмыс істедік. Командада 100 мыңға жуық адам болды. Табыстың басым бөлігі Ресейге кетіп жатты. Бірақ бір де бір сайт «Орыстар бізді тонап жатыр» деп жазды ма?! Жоқ! Гербалайф Қазақстанда 30 жыл үздіксіз жұмыс істеді. «Бізді Америка тонап жатыр» деген бір қазақ болды ма?! Жоқ! Біз заңды түрде тіркеліп, барлық өнімімізді сертификаттап, стандартқа сай жұмыс істесек те, бірден сынға іліктік. Түркиядан, Қытайдан, Кореядан серіктестеріміз келіп, біздің жұмысымызға жоғары баға берді. Бірақ қазақтың жауы – қазақ! Аяқтан шалып, құлатуды білеміз!» – деп ашуланды кәсіпкер.

Сәйкес жаңалықтар

Жетісу облысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары мен барлық деңгейдегі мәслихат сайлауы басталды

bairakkz

Ашхабад-2017: Ольга Рыпакова алғашқы алтынын еншіледі

Ришат

ТАЛДЫҚОРҒАНДЫҚ ЖАС ОТБАСЫ ДАУЫС БЕРДІ

bairakkz