Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарСпорт

Алматыда U17 және U20 категориясы бойынша күрестен ел чемпионаты өтеді

 

2025 жылғы 20 ақпан мен 2 наурыз аралығында Алматы қаласында орналасқан ADD Арена спорт кешенінде (Нұркент шағын ауданы, 14Б) грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Қазақстан Республикасының жасөспірімдер мен жастар арасындағы U17 және U20 санатындағы чемпионаты өтеді.

Аталған біріншілікке еліміздің 17 облысынан, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан ең үздік жас балуандар қатысады. Олар Қазақстан чемпионы атағы үшін және биылғы күнтізбелік жылға жоспарланған халықаралық жарыстарда – Азия және әлем чемпионаттарында ұлттық құрама сапында ел намысын қорғау мүмкіндігі үшін бақ сынайды.

20 ақпанда сағат 16:30-да U17 және U20 жас санаттарындағы грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Қазақстан Республикасының чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтеді. Бұл шараға еліміздің даңқты балуандары – Олимпиада ойындарының жүлдегерлері, әлем және Азия чемпиондары қатысып, күрес спортының үш стилінің дамуы мен танымалдығы артуына қосқан үлестері атап өтіледі.

Алматы қаласының грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті Омар Алиев алдағы турнирдің маңыздылығына тоқталып өтті:

Ең алдымен, Қазақстан Республикасының грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының басшылығына осындай ауқымды жарысты өткізуге сенім білдіріп, мегаполисімізде ұйымдастыру мүмкіндігін бергені үшін алғысымды білдіремін. Бұл жарыс – еліміздегі ресми жарыстар күнтізбесінің ашылуы іспеттес. Сонымен қатар, Алматы қаласының Спорт басқармасына турнирді ұйымдастырудағы қолдауы үшін ерекше алғыс айтқым келеді. Соңғы бір жыл ішінде Алматыда күрес спортын дамытуда оң өзгерістер болды, бұл туралы біз бұған дейін де БАҚ беттерінде айтқан едік. Алдағы ел чемпионаты жас балуандарымызға өз шеберліктері мен қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетуге тамаша мүмкіндік береді.

Өткізілу мерзімі: 20 ақпан – 2 наурыз 2025 жыл

Өткізілу орны: ADD Арена, Алматы қаласы, Нұркент шағын ауданы, 14Б

Салтанатты ашылу рәсімі: 20 ақпан, сағат 16:30

фото: depositphotos.com

Сәйкес жаңалықтар

На избирательном участке №45 в городе Учарал организована «BAUYRSAQ PARTY», избирательные комиссии встречают избирателей в национальной одежде по случаю мартовского праздника, раздают избирателям 5000 бубликов.

bairakkz

Тілді тіл өлтірмейді, сөйлеуші өлтіреді

bairakkz

Приближающий светлый праздник Наурыз принесет с собой не только весеннее обновление.

bairakkz