Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
АймақӘлеуметБасты ақпаратЖаңалықтар

Депутат Qazaqgaz жұмысының тиімділігіне күмән келтірді

Фото: ашық дереккөз

Мәжілістің жалпы отырысында депутат, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Ерлан Саиров еліміздің бірқатар өңірлеріндегі ауылдар әлі күнге дейін көмір мен тезек жағып отырғанын сынға алды.

Оның айтуынша, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарындағы кейбір ауылдарда газ жоқ. ХХІ ғасырда халықтың тезек пен көмір жағуға мәжбүр болуы — ұят жағдай, деді депутат.

Саиров аймақтарды газдандыруға жауапты «Qazaqgaz» ұлттық компаниясының жұмысына да назар аударды. Оның мәліметінше, компанияда шамамен 10 мың адам еңбек етеді, ал өндіріс көлемі 350 мың текше метр газды құрайды. Салалық министрлік шалғай ауылдарға газ тарту қиын екенін алға тартқан.

Депутат президенттің ұлттық компаниялар жұмысына қатысты айтқан сынын еске салып, кадрлық құрылымды қайта қарап, үнемделген қаражатты ауылдарды газбен қамтуға бағыттауды ұсынды.

Сондай-ақ ол Үкімет пен ұлттық компаниялардан өңірлерді газдандырудың нақты жоспарын әзірлеп, қоғамға ұсынуды талап етті.

Айта кетейік, бұған дейін депутат Нұртай Сабильянов та Абай облысындағы ауылдардың ешқайсысы газбен қамтылмағанын мәлімдеген болатын. Ал 10 ақпанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық компаниялар қызметін сынға алып, олардың жұмыс тиімділігін арттыру қажеттігін айтқан еді.

Сәйкес жаңалықтар

Президент Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрін қабылдады

bairakkz

Астанадағы LRT құрылысы биыл жазда аяқталады — Жеңіс Қасымбек

bairakkz

Үкімет шетелдік туристер үшін паспорттық бақылауды жеңілдетуді жоспарлап отыр

bairakkz