Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

Шахтада үйінді астында қалған жұмысшылардың тізімі белгілі болды

Ұлытау облысындағы «Жомарт» кенішінде болған төтенше жағдай салдарынан жеті қызметкер үйіндінің астында қалды. Жоғалған кеншілердің кім екені белгілі болды, деп хабарлайды bairak.kz 

Ұлытау облысы ТЖД «Жомарт» кенішінде тау жынысы опырылған шахтада қалған қызметкерлердің тізімін жариялады.

1. О.Ж.Нұрылдаев — энергетик

2. А.Б. Жақыбаев – тау-кен шебері

3. О.А. Кенжебеков — тиеу-жеткізу техникасының машинисі

4. К.А. Ақшалов – сорғы қондырғысының машинисі

5. Г.Е. Молдабеков — сорғы қондырғысының машинисі

6. Б.Н. Жұмадуллаев — сорғы қондырғысының машинисі

7. К.В.Рожков — электрослесарь

Апат болған кенішке облыс орталығынан жедел жәрдем бригадалары келді.

Ұлытау облысы денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, Жаңаарқа ауданына 3 жедел жәрдем көлігі жіберілген. Облыстық көпсалалы ауруханадан бір бригада, Жезқазған медициналық орталығынан екі жедел жәрдем көлігі келді.

Фото: Pixabay

Сәйкес жаңалықтар

«Атын естігенде жүрегім жарылады»: эфирден Мақпал Жүнісованы көрген көрермен жылап қалды

bairakkz

Қазақстанға кейбір көлік түрін әкелуге шектеу енгізіледі

bairakkz

Қазақстанда несие алу қиындайды: банктер табысы жететіндерге ғана қарыз береді

bairakkz