Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

Бірнеше семейлік ата-ана құқығынан айырылды

Семейде төменгі сыныпта оқитын баланы ұрып-соғып, қорлық көрсеткен жоғары сынып оқушылары арнайы мектепке жіберілетін болды. Бұл туралы @qogamnews Telegram-арнасы жазды, деп хабарлайды bairak.kz.

Қалада кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті. Тексеру нәтижесінде оқиғаға қатысы бар барлық оқушыны девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнайы мектепке жіберу туралы шешім қабылданған. Бұл мекемеде олар психологтардың бақылауымен және уақытша оқшаулау жағдайында түзету жұмыстарынан өтеді. Сондай-ақ, үш ата-ананы ата-ана құқығынан айыру туралы шешім шығарылып, екі балаға қатысты қорғаншылық тоқтатылды.

Материалдар сотқа жолданып, әрі қарай қаралатын болады.

Фото: Видеодан скрин

Сәйкес жаңалықтар

«Өліп кетсем де бала туып беремін»: Майра Мұхаммедқызы 20 жыл балалы бола алмағанын айтты

bairakkz

Ақтөбеде кепілге алынған әйел ата-анасының қайтыс болғанынан хабарсыз

bairakkz

Ақнәр Хамиттің өлімі бойынша іс не болып жатыр

bairakkz