АҚШ президенті Дональд Трамп ағылшын тілін елдің ресми тілі ретінде бекітетін жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды bairak.kz.
Бұған дейін ағылшын тілі тек 32 штатта ғана ресми тіл мәртебесіне ие болған, алайда федералды деңгейде мұндай шешім алғаш рет қабылданып отыр.
Ағылшын тілін ресми тіл ретінде мойындайтын уақыт жетті, – делінген Трамптың жарлығында.
Құжатта бірыңғай тілдің ұлттық бірлікті нығайтатыны атап өтілгенімен, елде 350-ден астам тіл қолданылатыны да мойындалған.
Енді федералды мекемелер енді өз қызметтерін тек ағылшын тілінде көрсетуге міндеттеледі. Бұған дейін Билл Клинтонның 2000 жылғы жарлығы бойынша ағылшын тілін білмейтін азаматтарға аударма қызметі тегін ұсынылатын, бұл талап енді жойылды. Әрбір ведомство аударма қызметін ұсынуды өз еркімен шешеді.
2019 жылғы деректер бойынша, АҚШ-та 40 миллионнан астам адам испан тілінде сөйлейді, бұл елдегі ағылшыннан кейінгі ең көп таралған тіл. Сарапшылардың пікірінше, Трамптың шешімі иммигранттардың құқықтарына әсер етуі мүмкін.
Фото: AP Photo/Evan Vucci