Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлемБасты ақпаратЖаңалықтар

АҚШ Украинаға көрсетілетін әскери көмекті тоқтатты

Фото: X(Twitter)/@APUkraine

Америка Құрама Штаттары Ақ үйде Дональд Трамп пен Владимир Зеленский арасындағы даудан соң Украинаға көрсетілетін әскери көмекті уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды bairak.kz.

Reutersтің мәліметінше, АҚШ көрсетілетін көмекті тоқтатып, оны қайта қарастырмақ, сол арқылы мәселенің шешілуіне қаншалықты әсер етіп жатқанын білгісі келеді.

Үзіліс Трамп елдердің көшбасшылары бейбітшілік орнатуға ынталы екеніне көз жеткізгенше созылады, — делінген басылымда.

Bloomberg Украинаға жеткізілген және жолда бара жатқан қару-жарақ тоқтатылғанын жазды.

Бұл уақытша үзіліс, — деп жазды Fox News.

Сәйкес жаңалықтар

Черчесов жылдың соңғы екі матчына қатысатын ойыншылардың тізімін жариялады

bairakkz

Ашхабад-2017: Иван Иванов ядро серпуден Қазақстанға алтын жүлде сыйлады

Ришат

ТАРАЗДА ТОПЖАРҒАНДАР

bairakkz