Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Жаңалықтар

ТАРАЗДА ТОПЖАРҒАНДАР

Тараз қаласында еркін күрестен ересектер арасында екі бірдей турнир өтті. Оның бірі Д.Қонаевты еске алуға арналған халықаралық турнир.

Аталған жарысқа Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Белорусия, Моңғолия және еліміздің облыстары мен қалаларынан 8 командада 180 спортшы қатысты. Дүбірлі додаға Алматы облысының 10 спортшы қатысып, жүлделмен оралды. Атап айтсақ, 65 келі салмақ дәрежесінде Ілияс Жұмай алтын, 97 келі салмақ дәрежесінде Омар Жұмаш қола медальды иеленді.

Екіншісі Ш.Нәдірбековты еске алуға арналған республикалық турнир.

Бұл сынға еліміздің облыстары мен қалаларынан 11 командада 170 спортшы қатысты. Дүрмекті бәсекеге Алматы облысынан 7 спортшы қатысып, жеңістің желкенін көтерді. Мәселен, 48 келі салмақ дәрежесінде Қайрат Қайсар және 38 келі салмақ дәрежесінде Әрсен Сәрсенбай алтын, 48 келі салмақ дәрежесінде Мирас Амангелді күміс медальды иеленді.

Сәйкес жаңалықтар

Бокс Қанат Ислам: Намысты жігіттерімізге жол көрсете алмасақ, чемпиондық атақтың құны көк тиын

Ришат

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс пен жергілікті мәслихаттар сайлауында дауыс берді

bairakkz

Жетісуда Дала аруы атанған әжей дауыс берді

bairakkz

Пікір жазу