Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарСпорт

“Жетісу“ футбол клубының директоры сотталды

Талдықорған қалалық соты «Жетісу» футбол клубы» КМҚК директоры К. Дөңсебаевқа үкім шығарды, деп хабарлайды bairak.kz.

Ол оқу-жаттығу жиындарын өткізу кезінде клуб футболшыларының тамақтануына бөлінген 31,9 млн теңге мөлшерінде бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

Залал толық өтелуіне және ауыр сырқаттың болуына байланысты Дөңсебаев мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқаруға өмір бойы тыйым салумен 7 жылға бас бостандығын шектеуге сотталды. Үкім заңды күшіне енді.

Фото: facebook.com/groups/fcZhetysu

Сәйкес жаңалықтар

Маңғыстауда жолшылар күні аталып өтті

bairakkz

Боранқұлда ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған орталық жұмысын бастады

bairakkz

«Ішімнен ғана сынып жүрмін»: Нұрғали Нүсіпжанов жан сырын ақтарды

bairakkz