Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлемЖаңалықтар

Еуропа әскері Украинаға кірсе, ОДКБ Ресейге көмекке келеді — Тасмағамбетов

ҰҚШҰ бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов Известия басылымына берген сұхбатында Еуропа әскерінің Украинаға кіру ықтималдығына байланысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды bairak.kz.

Бұл, ең алдымен, өңірлік тұрақтылыққа елеулі қатер төндіруі мүмкін екендігімен байланысты. Сонымен қатар, экономикалық және әлеуметтік саладағы күрделі үдерістерден қажыған еуропалық қоғам мұндай шешімді қолдай қояды деу қиын. Себебі бұл қоғам үшін қосымша ауыртпалық болмақ, тіпті бұл контингенттер шабуылдау операцияларына тартылмай, тек полиция немесе бақылау функцияларын орындаған жағдайда да. Осындай қауіп-қатерлер туындаса, ҰҚШҰ ұйымның жарғылық құжаттарына сәйкес қарастырылған шеңберде әрі мүше мемлекеттердің бірауыздан мақұлдауымен көмектің әртүрлі нұсқасын көрсетуге дайын, – дейді Иманғали Тасмағамбетов.

Армения бұған дейін бұл ұйымға мүшелігін уақытша тоқтатқан еді. Ереван Таулы Қарабақта Әзербайжанмен қақтығыс кезінде ҰҚШҰ Арменияға әскери көмек бермегенін алға тартқан. Тасмағамбетов былтыр Ереванның ҰҚШҰ-ға қатыспауы әскери одақтың жұмысына әсер етпейді деген.

Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі бұған дейінгі сұхаттарында да Кремльдің Батысқа қарсы тұжырымдарын қайталаған еді.

Фото: ҰҚШҰ

Сәйкес жаңалықтар

Бірнеше семейлік ата-ана құқығынан айырылды

bairakkz

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫ ҰТЫЛЫП ҚАЛДЫ

bairakkz

ҚЫЗЫМЫЗ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕР

bairakkz