Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

Экс-министр Бекетаевтың ісі сотқа жолданды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевқа қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды bairak.kz.

Астанада өткен брифингте Антикордың ресми өкілі Данияр Биғайдаровтың айтуынша, 3 наурызда қылмыстық іс сотқа жолданған.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұрынғы әділет министрі Бекетаев пен басқа да тұлғаларға қатысты аса ірі көлемде жымқыру, алаяқтық және кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу деректері бойынша тергеуді аяқтады. 3 наурызда қылмыстық іс сотқа жолданды», – деді Биғайдаров.

Еске салайық, Марат Бекетаев 2023 жылғы қазанда ұсталған болатын. Былтыр Астана соты экс-министрдің қамауда ұстау мерзімін ұзартқанын хабарлаған еді.

Фото: gov.kz

Сәйкес жаңалықтар

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ИНДОРХОККЕЙДЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

bairakkz

«Атын естігенде жүрегім жарылады»: эфирден Мақпал Жүнісованы көрген көрермен жылап қалды

bairakkz

Бибисара Асаубаеваның Үміткерлер турниріне қатысуы – Қазақстандағы шахматты дамытудағы маңызды қадам

bairakkz