Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Басты ақпаратЖаңалықтар

12 млн теңге айыппұл. Түркістан облысында қызғалдақ терген әйелдің басы дауға қалды

Видеодан алынған кадр

Түркістан облысының полициясы Қызыл кітапқа енген қызғалдақтарды терген әйелді іздестіруде, деп хабарлайды bairak.kz.

Ордабасы ауданында түсірілген бейнежазба әлеуметтік желілерде жарияланды. Сирек кездесетін гүлдерді жинауға заңмен тыйым салынған, қазір полиция әйелдің жеке басын анықтап жатыр.

Жексенбі күні әлеуметтік желіде Түркістан облысы Ордабасы ауданында әйел адамның гүлдерді заңсыз теріп жүргенінің видеосы тарады. Қызыл кітапқа енген өсімдіктерге қатысты мұндай әрекеттер үшін 3000 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде айыппұл (11 796 000 теңге) немесе қоғамдық не түзету жұмыстары түрінде жаза қарастырылған.

Айта кетейік, жабайы қызғалдақтар тұқым арқылы көбейеді, ал олардың тұқымы топырақта 4-тен 7 жылға дейін сақталады. Егер гүлдер жұлынса, тұқым жойылып кетеді.

Сәйкес жаңалықтар

Көлігін 5 минуттан артық қыздырған алғашқы азамат айыппұл салынды

bairakkz

Жүлдемен оралды

bairakkz

Арабша жазуы бар ту ұстап суретке түскендерге сот үкімі шықты

bairakkz