Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарСпорт

Қысқы Олимпиадаға Қазақстаннан шамамен 35 спортшы қатысады

ҰОК

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Үкімет отырысында 2026 жылы Италияда өтетін қысқы Олимпиадаға Қазақстан спортшыларының дайындығы туралы баяндады.

XXV Қысқы Олимпиада ойындары 6–22 ақпан аралығында Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді. Жарысқа 93 елден 3 мыңға жуық спортшы қатысуы болжануда, ал барлығы 116 медаль жиынтығы ойнатылады.

Министрдің айтуынша, ұлттық команда 10 спорт түрінен 58 медаль жиынтығы үшін бақ сынайды. Олардың ішінде биатлон, конькимен жүгіру, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, тау шаңғы спорты, шаңғы қоссайысы, шаңғы жарыстары, шаңғымен трамплиннен секіру, фристайл-могул және фристайл-акробатика бар.

Салтанатты ашылу рәсімі 6 ақпанда Миланда, ал жабылу салтанаты 22 ақпанда Веронада өтеді. Ойындар конькимен жүгіру мен шаңғы жарысы спортшыларының өнер көрсетуімен басталып, соңғы кезеңде тау шаңғысы бойынша жарыстар өтеді.

Болжам бойынша, ұлттық құрамада шамамен 35 спортшы болады. 2022 жылғы Бейжің Олимпиадасында Қазақстан атынан 34 спортшы өнер көрсеткен. Қазір Софья Самоделкина мен Михаил Шайдоровтың мәнерлеп сырғанаудан 2 жеке Олимпиада лицензиясы бар, ал шорт-тректен 9, конькимен жүгіруден 12 лицензия жеңіп алынған.

Сәйкес жаңалықтар

Головкин Коттоға қарсылас атануы мүмкін

Ришат

Аймағамбетов мұғалімдерді артық жұмысқа салғандарға айыппұл енгізуді ұсынды

bairakkz

Қазақстанда төрт жаңа су қоймасы салынады

bairakkz