Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметБасты ақпаратЖаңалықтарОқиғалар

Көкшетауда жол талғамайтын көлік шыршаның маңын зақымдады

Фото: видеодан скриншот

Көкшетау қаласында Toyota Land Cruiser 200 автокөлігінің қатысуымен жол апаты болды.

Қалалық полиция басқармасының хабарлауынша, 28 желтоқсанда Жағалау көшесі мен Әуезов көшесінің қарсы бетінде көлік рульге ие бола алмай, жолдағы металл қоршауға және көшені жарықтандыруға арналған металл тірекке соғылған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан көліктегі үш жолаушы медициналық мекемеге жеткізіліп, тексерістен кейін үйлеріне қайтарылған.

Көлік жүргізушісі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сәйкес жаңалықтар

Соңғы екі жылда Қазақстанда 2,8 мың шақырымнан астам темір жол жөнделді

bairakkz

Ұшақ құлағанда қаза тапқан 24 әзербайжан азаматының денесі еліне жөнелтілді

bairakkz

Талғар қаласының әкімі тағайындалды

bairakkz