Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметБасты ақпаратЖаңалықтар

Болашақ бір палаталы Парламенттің заң шығару қызметі талқыланды

Ақорда

Астанада Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының үшінші отырысы өтті. Жиында e-Otinish және eGov платформаларындағы «Парламенттік реформа» арнайы бөліміне 400-ден астам ұсыныс түскені хабарланды.

Ерлан Қарин Президент бастамашы болған парламенттік реформаның мемлекеттік құрылыс аясындағы «Күшті Президент — ықпалды Парламент — есеп беретін Үкімет» формуласының логикалық жалғасы екенін атап өтті. Ол реформаның заң шығару қызметінің тиімділігі мен сапасын арттыруға бағытталғанын еске салды.

Отырыста ұсыныстар жинақталып, жүйеленудің аралық қорытындылары қаралды, сондай-ақ болашақ бір палаталы Парламенттің заң шығару қызметінің негізгі бағыттары талқыланды. Парламентаризм институтының директоры Наталья Пан азаматтардан, сарапшылардан және қоғам белсенділерінен түскен ұсыныстар туралы мәлімет берді.

Ерлан Қарин отырыстар аралығында жаңа ұсыныстар мен бастамаларды біріктіру үшін ауқымды жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті, ал талдау жұмыстары ұсыныстар сапасының жақсарғанын көрсетті.

Жұмыс тобының жетекшісінің орынбасары Ержан Жиенбаев Парламенттің заң шығару қызметін жетілдіруге арналған жалпы тәсілдер туралы баяндады. Сонымен қатар, Жұмыс тобының мүшелері — Марат Шибұтов, Андрей Чеботарев, Азат Перуашев, Виктор Малиновский, Магеррам Магеррамов, Бөріхан Нұрмұхамедов, Үнзила Шапақ, Лейла Жақаева, Снежанна Имашева, Елнұр Бейсенбаев, Алуа Ибраева, Никита Шаталов, Индира Әубәкірова, Ерлан Сәрсембаев заң шығару үдерісін ұйымдастыру және заңдардың сапасын арттыру жөніндегі ұсыныстарын ортаға салды.

Жиында парламенттік реформаның саяси жаңғырудағы маңызды кезең екені, заң шығару билігінің рөлі мен тиімділігін арттыруға және кәсіби заң шығару ісін дамытуға бағытталғаны айтылды.

Жиын қорытындысы бойынша Мемлекеттік кеңесші барлық ұсыныстарды жинақтап, жан-жақты талдауды жүргізуді тапсырды. Парламенттік жүйені жетілдіруге арналған тәсілдер Жұмыс тобының келесі отырыстарында кезең-кезеңімен қарастырылады.

Сәйкес жаңалықтар

Елордада жүкті әйелге сирек жатырішілік ота жасалды

bairakkz

Биыл 1-сыныпқа қанша бала барады

bairakkz

Бибісара Асаубаева Қазақстанның екінші гроссмейстері атанды

bairakkz