Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметБасты ақпаратЖаңалықтар

Ақордадағы ауыс-түйіс: Дәдебай кетіп, орнына Скляр келді

Ашық дереккөз

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары қызметін атқарған Роман Скляр Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Роман Васильевич Скляр Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», – деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ, Президенттің баспасөз қызметі Мемлекет басшысының Жарлығымен Айбек Арқабайұлы Дәдебай басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы лауазымынан босатылғанын атап өтті.

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалды

bairakkz

Семейде Қайрат Рысқұлбековтің ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

bairakkz

Жетісу облысында 331 елдімекен орталықтандырылған сумен қамтамасыз етіледі

bairakkz