Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

Қазақстанда шілдеден бастап газ бағасы 33%-ға қымбаттайды

Фото: ЖИ көмегімен жасалды

Серік Жұманғарин Қазақстанда коммуналдық тарифтердің кезең-кезеңімен өсуінен кейін көтерме тауарлық газ бағасы да қымбаттайтынын мәлімдеді. Бұл туралы үкіметтегі брифингте айтылды.

Министрдің сөзінше, Энергетикалық кеңестің шешіміне сәйкес, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап газдың көтерме бағасын 33%-ға арттыру жоспарланып отыр.

«Қазір Астана қаласында толық тариф енгізілді. Жылу тарифі орта есеппен 15%-ға, ал сумен жабдықтау және су бұру тарифтері 20-29%-ға көтерілді. Осындай тәсіл Ұлытау мен Ақмола облыстарында, кейін Алматыда да қолданылады. Басқа өңірлерге де кезең-кезеңімен енгіземіз. Бұл инфляциялық қысымды біркелкі бөлу үшін жасалып отыр», – деді министр.

Жұманғариннің айтуынша, қазіргі тарифтік өзгерістердің инфляцияға әсері 0,3%-дан аспайды. Ал газ бағасының көтерілуі инфляцияны шамамен 0,16%-ға ғана арттырады.

Министр елдегі расталған газ қорының жеткіліксіздігі мен қазіргі бағаның инвесторлар үшін тартымсыз екенін атап өтті. Оның сөзінше, төмен көтерме баға жекеменшік компаниялардың газ өндіруге қызығушылығын азайтып отыр.

«Баға инвесторлар үшін ынталандыру тетігі болуы керек. Егер саланы инвестициямен қамтамасыз етпесек, кейін газды импорттауға мәжбүр боламыз. Ал бізге газ сататын елдер өз бағасын төмендетпейді», – деді ол.

Үкімет тарифтерді «шахмат тәртібімен» көтеру арқылы халыққа түсетін жүктемені біртіндеп бөлуді көздеп отыр. Билік өкілдерінің айтуынша, бұл тәсіл коммуналдық салаға инвестиция тартуға және газ өндіру көлемін арттыруға мүмкіндік береді.

Сәйкес жаңалықтар

ҚҚС-ның жаңа мөлшерлемесі туралы ұсыныс Мәжіліске қашан енгізіледі

bairakkz

Тіл бұзар терминдер: Спорттағы сөздің сәні мен соры

bairakkz

TURKTAV Астанада өткен IFLA конгресінде түркі әлемінің дауысына айналды

bairakkz