Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
АймақЖаңалықтар

Ұшақ құлағанда қаза тапқан 24 әзербайжан азаматының денесі еліне жөнелтілді

28 желтоқсан күні, сағат 23:30 шамасында Ақтаудан әуе апатында қаза тапқан 24 Әзірбайжан азаматының (оның ішінде үшеуі экипаж мүшесі) денесі еліне жөнелтілді.

Соңғы күндері қаза тапқандардың денелерін анықтау бойынша тынымсыз жұмыстар жүргізілді. Анықтау кезінде ДНҚ талдауы жүргізіліп, оған жақын туыстары қатысты.

Еске сала кетсек, 25 желтоқсан күні болған әуе апатынан 29 адам аман қалды. Оларға Мемлекет басшысының тапсырмасымен елордадан келген білікті мамандар сапалы медициналық көмек көрсетті. Медициналық көмек алған Әзірбайжанның 14 азаматы еліне оралды.

Жергілікті атқарушы орган өкілдері апаттан зардап шеккендердің және қаза тапқандардың отбасыларына жан-жақты қолдау көрсетуді жалғастырады.

Фото: gov.kz

Сәйкес жаңалықтар

ЦИК РК: О явке граждан на 18.10 часов

bairakkz

Береке мен бірліктің үлгісін көрсетті

bairakkz

Мейрамбек Бесбаевтың сәбиіне Әбдіжаппар Әлқожа азан шақырып, ат қойды

bairakkz