2026 жылдан бастап Қазақстанда азаматтардың қаржылық, әлеуметтік және құқықтық өміріне тікелей әсер ететін бірнеше маңызды жаңашылдық күшіне енеді. Олардың ішінде жаңа Салық кодексі, зейнетақы мен әлеуметтік төлемдер, медициналық сақтандыру, құжат рәсімдеу және мектеп-балабақша бақылауы бар.
1. Салық жүйесі мен табысқа қатысты өзгерістер
Жаңа Салық кодексі:
Салық есептілігі 30%-ға қысқарады, салықтар саны 20%-ға азаяды, жеңілдіктер мен алымдар оңтайландырылады.
Қосылған құн салығы (ҚҚС) 12%-дан 16%-ға көтеріледі. Тіркелу шегі 40 млн теңгеге дейін төмендетілді.
Дәрі-дәрмек пен медициналық қызметтерге ҚҚС 2026 жылы 5%, 2027 жылы 10% болады.
Мерзімді баспа үшін ҚҚС – 10%.
Корпоративтік табыс салығы 20%, банктер мен ойын бизнесі – 25%, әлеуметтік сала ұйымдары – 5% (2026), 10% (2027), ауыл шаруашылығы – 3%.
Жеке табыс салығы прогрессивті: жылдық табыс 33 млн теңгеден асатын азаматтар 15% төлейді.
Сән-салтанат салығы енгізіледі: қымбат көлік, яхта, ұшақ, алкоголь, темекі және 450 млн теңгеден асатын мүлікке қосымша салық салынады.
Көлік салығы: 10 жылдан асқан көліктерге 30%, 20 жылдан асқан көліктерге 50% төмендейді.
2. Зейнетақы, АЕК және ең төменгі жалақы
Жасына байланысты зейнетақы төлемдері 10% өседі.
Ең төменгі жалақы – 85 000 теңге.
Мемлекеттік базалық зейнетақы – 35 596 теңге.
Ең төменгі зейнетақы – 69 049 теңге.
АЕК – 4 325 теңге.
Ең төменгі күнкөріс деңгейі – 50 851 теңге.
Зейнетақы жарналары: жұмыс берушінің міндетті жарналары 3,5%-ға өседі (1975 жылы және одан кейін туған азаматтар үшін). 2028 жылы 5%-ға жетеді.
3. Мобильді аударымдар және қаржылық бақылау
Банктер 3 ай ішінде 100-ден көп аударым және 1 млн теңгеден астам ақша түскен жағдайда салық органдарына ақпарат береді.
Бұл жеке адамдар арасындағы күнделікті аударымдарға әсер етпейді, тек тұрақты әрі ірі көлемдегі транзакциялар бақылауға алынады.
4. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС)
2026 жылдан бастап:
Созылмалы аурулар: қант диабеті, ДЦП, ревматизм, дәнекер тіндердің аурулары, артериялық гипертензия.
Созылмалы бүйрек аурулары: диагностика, дәрі-дәрмек, гемодиализ, бүйрек трансплантациясы тегін.
Зейнетақы төлемдері жеке табыс салығынан босатылады.
5. Құжат рәсімдеу
36 беттік төлқұжат – 34 600 теңге (8 АЕК)
48 беттік төлқұжат – 51 900 теңге (12 АЕК)
Балалар паспорты – 17 300 теңге (4 АЕК)
Жүргізуші куәлігін рәсімдеу – 5 406 теңге (1,25 АЕК)
Бірінші жеке куәлік тегін; жоғалтқан жағдайда – 865 теңге (бір рет), 4 325 теңге (екі рет).
6. Мектеп, балабақша және балалар ұйымдары
1 ақпаннан бастап балалар ұйымдарына мемлекеттік бақылау күшейеді.
Құзырлы органдар кез келген уақытта жоспардан тыс тексеріс жүргізе алады.
7. Зейнетақы шотынан артық қаражат
Жеткіліктілік шегі жасқа байланысты анықталады.
Артық қаражатты тек тұрғын үй, емдеу және инвестициялық басқарушы компаниялар арқылы пайдалануға болады.
Пластикалық ота, көз емі және тіс емдеуге тыйым салынады.
