Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

Астанада жүргізушілер мен жолаушылар арасындағы этикалық коммуникация тренингі өтті

inDrive жаһандық көлік және қалалық қызмет платформасы Еуропадағы Қауіпсіздік пен Ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) Астанадағы бағдарламалар кеңсесінің қолдауымен Алматы қаласында жүргізушілерге сапар кезіндегі гендераралық қарым-қатынасқа арналған тренинг ұйымдастырды. Іс-шараға inDrive жүйесінің жүргізушілері, ҚР Ішкі істер министрлігінің, Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, сонымен қатар, белсенді әйелдер мен құқық қорғаушылар қатысты.

Тренинг Қазақстанда сапар кезінде ерлер мен әйелдер арасындағы этикалық стандартты жақсартуға үндейтін ауқымды кампанияның бір бөлігі саналады.

 Ерлер мен әйелдер арасындағы этикалық қарым-қатынастың проблемалары бүгінгі таңда өте өзекті болып тұр. Түрлі білімі бар, тәрбиесі мен менталды деңгейі әртүрлі адамдар бір-бірімен бір кеңістікте кездесіп қалғанда қасындағы серігінің жеке шекарасын өзі де байқамай бұзып қоюы мүмкін. Тіпті, олар өз айналасындағы адамдар үнемі солай істеп, солай сөйлейтіндіктен, өзінің іс-әрекеті дұрыс деген сенімде болуы мүмкін. Олар басқа жандар мүлде қаламайтын нәрсені үйреншікті немесе күлкілі деп санауы ғажап емес, – дейді эксперт Молдияр Ергебеков.

inDrive компаниясы ерлер мен әйелдер арасындағы байланысты этикалық тұрғыдан жақсартуға бағытталған ұзақ мерзімді бағдарламаны іске қосты, осылайша тренингтер өткізу, эксперттерді, феминистерді жұмылдыру арқылы жолға шыққан жолаушылардың жынысына қарамай барлығына жайлы, қолайлы болатын қарым-қатынас стандарттарын қалыптастырмақ. Іс-шараға inDrive және  inDrive.Қалааралық сервисінің 50 жүргізушісі қатысты. Қолданушыларды барынша мол қамту үшін компания онлайн-тренингтерді өз қосымшасына енгізеді. Осылайша әр жүргізушінің мобильді телефоны оның жеке тьюторы атанып, жолаушылардың жеке шекарасын бұзбай, қалай қарым-қатынас орнату туралы айтып береді.

Қазақстандағы inDrive кантри менеджері Арай Бекембаевтың айтуынша, сервистің барлық қолданушысының қауіпсіздігі мен қызмет сапасы ұйымның басты мақсаты. inDrive сапар шегу индустриасын үнемі дамытуға ұмтылады, сондықтан бізге кемсітушіліктің кез келген түріне төзімсіздікті құлағдар ету маңызды. Мұндай бастамалардың ауқымы кеңеюі тиіс, себебі, бұл тек әйелдерге ғана емес, барлық тарапқа қолайлы, — деді ол.

Ол мұның тұтас қоғамға да пайдалы екенін алға тартты.

Семинардың тақырыбы өзекті әрі маңызды. Әсіресе, халықпен тығыз байланыста болатын, қызмет көрсететін салалар арасында осындай тренингтер өткізу маңызды. Солардың бірі – inDrive платформасының жүргізушілері. Жүргізуші мамандығы көлік басқару шеберлігін ғана емес, адамдармен қарым-қатынаста жоғары мәдениетті болуды да талап етеді. Жолға шыққан әр әйел өзін қауіпсіз әрі жайлы сезінуі тиіс, – дейді ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің өкілі Қайрат Қамбаров.

Гендераралық қарым-қатынас бойынша Maqsut Narikbayev University университетінің оқытушысы әрі гендерлік зерттеуші Айгерім Құсайынқызы және Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің профессоры Молдияр Ергебеков шеберлік-сабақтарын өткізіп, ерлер мен әйелдер арасындағы қалыпты және қалыптан тыс жағдайды нақты мысалдармен көрсетті.

Бұл тренинг ережелерге арналып қана қоймай, мұнда түрлі құндылықтар туралы айтылды. Кәсіби маман болудың деңгейі талқыланды. Сенім білдіру мен құрмет көрсету жүргізуші мамандығының бір бөлігі болуы керек екені түсіндірілді. Жолаушы қыз-келіншектердің қауіпсіздігі тек қолайлы сапар шегумен ғана шектелмеуі тиіс. Бұл – адам құқығы. Өз қалаңда еркін жүріп-тұру, күндіз де, түнде де, кез келген жерде, кез келген көлікте өзіңді қауіпсіз сезіну құқығы. Осындай тренингтер өткізу арқылы қатысушыларға ақпарат беріп қана қоймай, баршаға қолайлы мәдениетті қалыптастырамыз, – дейді зерттеуші Айгерім Құсайынқызы.

ЕҚЫҰ Астанадағы бағдарламалар кеңсесі Қазақстан қоғамындағы ерлер мен әйелдердің тең құқығын қалыптастырудағы мандаты аясында inDrive жүргізушілеріне арналған тренинг өткізуге қосылды. Ірі қалалардың тұрғындары таксиде белгісіз жүргізушілермен бірге қанша уақытын өткізетінін жақсы білетіндіктен, Кеңсе Қазақстандағы қауіпсіз әрі қолайлы ортаны қалыптастыру мақсатындағы гендерлік-сезімтал коммуникацияны дамытуға атсалысты, – дейді ЕҚЫҰ Астанадағы Бағдарламалар кеңсесінің адами өлшем бойынша бағдарламалық маманы Дина Жүзбаева.

inDrive компаниясы эксперттер, пікір көшбасшылары мен платформа қолданушыларының қатысуымен іс-шаралар мен қоғамдық пікір алмасуларды үнемі өткізіп келеді. Бұл тренинг бұған дейінгі Women in Ridehailing («Таксидегі әйел») митапының жалғасы болып отыр, онда жүргізуші-әйелдер мен жолаушы-әйелдерге арналған қауіпсіз ортаны қалыптастыру барысы талқыланған болатын.

Сәйкес жаңалықтар

Спорттағы қазақ тілі, халің қалай? 1-бөлім

Ришат

Астана тұрақ орындары тегін болады – Жеңіс Қасымбек

bairakkz

Әйгілі Backstreet Boys тобы Алматыға келді

bairakkz