Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

Демалыс күндері ауа-райы қандай болады

Синоптиктер алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды  bairak.kz.

Республика аумағының басым бөлігінде ауа райына циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер әсер етеді. Жаңбыр, найзағай күтіледі, ал еліміздің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында бұршақ жауып, күшті жаңбыр болуы мүмкін.

Тек республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Сонымен қатар, желдің күшеюі болжануда, елдің оңтүстік өңірлерінде шаңды дауылдар болуы мүмкін.

Ал ауа температурасына келсек, айтарлықтай өзгерістер күтілмейді. Күндізгі уақытта термометр бағандары батыс, солтүстік-батыс және солтүстік аймақтарда 18-28 градус жылыны, орталық және шығыс өңірлерде 20-33 градус жылыны, ал оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөліктерде 27-38 градус жылыны көрсетеді.

Фото: Pexels

Сәйкес жаңалықтар

90 мыңға жуық бала мектепалды даярлықтан өтеді

bairakkz

Шерзат Болаттың әкесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

bairakkz

Қытай аспандағы триллион юаньдық индустрияны дамытуға ниетті

bairakkz