Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарСпорт

Тау көтерген толағайлар: Отандық спортшылар Азия чемпионатында топ жарды

Тау көтерген толағайлар: Отандық спортшылар Азия чемпионатында топ жарды

Астанада ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионаты мәресіне жетті. Қазақстан үшін бұл чемпионаткейінгі 12 жылда алғаш рет өткізіліп отырған беделді құрлықтық турнир. Чемпионатқа Азияның 25 елінен келген 14 пен 20 жас аралығындағы 300-ден астам мықты спортшы қатысты.

Чемпионат қорытындысына сәйкес Қазақстан құрамасы медаль саны бойынша абсолютті көшбасшы атанды.

17 жасқа дейінгі жас көрсеткіші бойынша қазақстандықтар 12 алтын, 4 күміс, 7 қола медаль жеңіп алды.

20 жасқа дейінгі жас көрсеткіші бойынша 9 алтын, 8 күміс, 10 қола медальға қол жеткізді. Сонымен қатар бірнеше Азия және әлем рекорды жаңартылды.

Чемпионаттың жарқын жұлдыздары:

Әлихан Әскербай (71 кг, 20 жасқа дейін): 3 алтын, 6 рекорд (3 әлемдік, 3 азиялық). Жұлқа көтеруде – 141 кг, серпе көтеруде – 169 кг, қоссайыс бойынша – 310 кг (жаңа әлем және Азия рекорды) бағындырды.

Едіге Емберді (79 кг, 20 жасқа дейін): жұлқа көтеруде – 153 кг (алтын), серпе көтеруде – 194 кг (Азия рекорды), қоссайыс бойынша – 347 кг (Азия рекорды) еңсерді.

Нұржан Жұмабай (79 кг, 17 жасқа дейін): 15 жастағы атлет 3 алтын жеңіп алды. Жұлқа көтеруде – 140 кг, серпе көтеруде – 175 кг (Азия рекорды), қоссайыс нәтижесі бойынша 315 кг көтерді.

Денис Полубояринов (94 кг, 20 жасқа дейін): қоссайыс – 376 кг (абсолютті чемпион), серпе көтеруде – 213 кг (Азия рекорды) бағындырды.

Ксения Прозорова (58 кг, 17 жасқа дейін): Қытай және Өзбекстан спортшыларын артта қалдырып, 3 алтын иеленді және ең жас чемпион атанды.

Кира Данилова (69 кг, 17 жасқа дейін): жұлқа көтеруде – 87 кг, серпе көтеруде – 111 кг, қоссайыс – 198 кг көтеріп, 3 алтын медальға ие болды.

Ерасыл Сәулебеков (88 кг, 20 жасқа дейін): жұлқа көтеруде – 153 кг, серпе көтеруде – 191 кг, қоссайыс нәтижесі бойынша 344 кг көтеріп, 3 алтын медаль иегері атанды.

Астанада өткен бұл чемпионат ауыр атлетиканың қазіргі жағдайын ғана емес, сонымен қатар болашағын да сипаттап тұр. Бүгінде тұғырда көзге түскендер ертең Лос-Анджелестегі Олимпиадада медальға таласатын спортшылар. Бұл турнир – оларды әлемдік арена мен 2028 жылғы Олимпиада тұғырына апаратын маңызды кезең.

 

Сәйкес жаңалықтар

ШЫҢҒА ШЫҚҚАН ШЫМЫРЛАР

bairakkz

Маңғыстау туризм колледжі: Студент саны өсіп, халықаралық серіктестік күшейді

bairakkz

Қазақстанда көлікті 5 минуттан артық қыздырғандарға айыппұл жоқ болып шықты

bairakkz