Тамыз айында ел тұрғындары күнтізбеге сәйкес демалады, деп хабарлайды bairak.kz.
Тамыз айындағы жұмыс және демалыс күндерінің тәртібі:
-
Егер жұмыс аптасы бес күннен тұрса, тамызда 21 жұмыс күні және 10 күн демалыс болады;
-
Ал алты күндік жұмыс режимінде — 25 жұмыс күні мен 6 демалыс күнін қамтиды.
30 тамыз — Қазақстан Конституциясы күні. Биыл бұл мейрам сенбіге сәйкес келіп отыр. «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңның 5-бабына сәйкес, егер мереке күні демалыс күніне сәйкес келсе, келесі жұмыс күні демалыс болып есептеледі. Осыған орай, 30 тамыз сенбіге түскендіктен, демалыс күні дүйсенбі, 1 қыркүйекке ауыстырылады.
Сәйкесінше, Конституция күніне байланысты:
-
Бес күндік жұмыс аптасындағылар қатарынан үш күн демалады — 30, 31 тамыз және 1 қыркүйек (сенбі, жексенбі, дүйсенбі);
-
Алты күндік жұмыс кестесімен істейтіндер екі күн демалады — 30 және 31 тамыз (сенбі, жексенбі).
