Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

Тамызда қазақстандықтар неше күн демалады

Тамыз айында ел тұрғындары күнтізбеге сәйкес демалады, деп хабарлайды bairak.kz.

Тамыз айындағы жұмыс және демалыс күндерінің тәртібі:

  • Егер жұмыс аптасы бес күннен тұрса, тамызда 21 жұмыс күні және 10 күн демалыс болады;

  • Ал алты күндік жұмыс режимінде — 25 жұмыс күні мен 6 демалыс күнін қамтиды.

30 тамыз — Қазақстан Конституциясы күні. Биыл бұл мейрам сенбіге сәйкес келіп отыр. «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңның 5-бабына сәйкес, егер мереке күні демалыс күніне сәйкес келсе, келесі жұмыс күні демалыс болып есептеледі. Осыған орай, 30 тамыз сенбіге түскендіктен, демалыс күні дүйсенбі, 1 қыркүйекке ауыстырылады.

Сәйкесінше, Конституция күніне байланысты:

  • Бес күндік жұмыс аптасындағылар қатарынан үш күн демалады — 30, 31 тамыз және 1 қыркүйек (сенбі, жексенбі, дүйсенбі);

  • Алты күндік жұмыс кестесімен істейтіндер екі күн демалады — 30 және 31 тамыз (сенбі, жексенбі).

 

Сәйкес жаңалықтар

БІЛІКТІ БАПКЕР

bairakkz

«ҚПЛ»: БІРІНШІ ЛИГАДА 15 КОМАНДА ОЙНАЙДЫ

bairakkz

Asar Baspana қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

bairakkz