Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
АймақӘлеуметЖаңалықтар

Бекзат Жүсіп Ақтау қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Ақтау қаласы әкімдігі

Ақтау қаласы әкімінің орынбасары болып Бекзат Жүсіп тағайындалды, деп хабарлайды bairak.kz . Бұл туралы Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Бекзат Жүсіп 1989 жылы Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Ұштаған ауылында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін, Ұлыбританиядағы Шығыс Англия университетінің магистратурасын тәмамдаған. «Болашақ» халықаралық бағдарламасының түлегі.

Еңбек жолын 2006 жылы «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалында редактор қызметінен бастаған.

2009-2013 жылдары республикалық телеарналарда жұмыс істеді.
2013-2016 жылдары — Қызылорда облысы әкімінің баспасөз хатшысы — бас инспектор.
2019-2021 жылдары — «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалының директоры.
2021-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары болды.
2022–2023 — Премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары.
2023–2024 — «Qazcontent» АҚ басқарма төрағасы лауазымдарында болды.

Сәйкес жаңалықтар

«Директор бір орында ұзақ отырмауы тиіс»: министр мектеп басшыларын ротациялауды ұсынды

bairakkz

Сайлау біз үшін мереке.

bairakkz

Үкімет әлеуметтік масылдықты, алаяқтықты қолдап келді – Тоқаев

bairakkz