Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

Перизат Қайрат қанша жылға сотталуы мүмкін?

Фото: instagram.com/01pk/

Астанада өткен сот процесінде мемлекеттік айыптаушы Перизат Қайратқа 10 жыл, анасы Алашбаеваға 8 жыл түрме жазасын сұрады, деп хабарлайды bairak.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Прокурор Арман Кезекен мүлкін тәркілеп, анасы Ғайни Алашбаеваны 8 жылға соттауды ұсынды. Сондай-ақ 10 жыл бойы қайырымдылыққа қаражат жинауға тыйым салуды сұрады.

Мемлекеттік айыпталушылар бұл істен жеңілдететін мән-жайды көрмей отырғанын атап өтті.

Мемлекеттік айыптау тарапынан қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған мүлікті тәркілеу туралы талап қойылды. Тәркіленген мүлікті сату арқылы түскен қаражатты жәбірленушілерге өтеу жоспарланып отыр.

Тергеу аясында Перизат Қайрат пен Ғайни Алашбаеваға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің келесі баптары бойынша айып тағылған:

190-баптың 4-бөлігінің 2-тармағы – аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық;

218-баптың 2-бөлігінің 1-тармағы – адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен қылмыстық жолмен алынған ақша мен өзге де мүлікті заңдастыру (жылыстату);

218-баптың 3-бөлігінің 3-тармағы – аса ірі мөлшерде адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған ақша мен мүлікті заңдастыру (жылыстату).

Сот талқылауы жалғасып жатыр.

Сот ертең жалғасады.

Еске салайық, Перизат Қайрат пен оның анасы қайырымдылық қорына түскен 3,5 млрд теңге жымқырды деп айыпталып отыр.

Сәйкес жаңалықтар

«БОКС»: ҚҰРЛЫҚТЫҚ ІРІКТЕУ ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

bairakkz

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

bairakkz

«Таза Қазақстан»: Шымкенттегі Әл-Фараби ауданында 7 тонна қоқыс жиналды

bairakkz