Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарСпорт

«Қайрат» күтпеген жерден Чемпиондар лигасында жеңіліс тапты

Фото: "Қайраттың" баспасөз қызметі

Алматының «Қайрат» клубы Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында сырт алаңда Финляндияның КуПС клубымен кездесті, деп хабарлайды bairak.kz

Матч Куопио қаласында өтті. Өкінішке қарай, Рафаэль Уразбахтин шәкірттері алғашқы кездесуде сенімді ақтамады.

Бірінші таймда таблодағы есепке өзгеріс енген жоқ. Ал екінші кезеңде финляндиялық команда бірден Александр Заруцкий қорғаған қақпаға лап қойды. Ойынның 49-минутында Мохамед Туре есеп ашса, Яакко Оксанен 71-минутта екінші голды соқты. Қорытынды есеп – 2:0.

Қарымта кездесу 29 шілде күні Алматыда өтеді.

Жеңіске жеткен команда Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде словакиялық «Слован» мен босниялық «Зриньски» арасындағы жұптың жеңімпазымен кездеседі. Ал жеңілген команда УЕФА Еуропа лигасының үшінші кезеңіне өтеді

Ал бірінші іріктеу кезеңінде алматылық команда екі ойынның нәтижесімен Словенияның «Qлимпиясын» (1:1, 2:0) есебімен жеңді.

 

Сәйкес жаңалықтар

97 мыңнан астам қазақстандық Skills Enbek платформасында оқып шықты

bairakkz

Қазақ ұлттық университеті биыл толағай табыстарға қол жеткізді

bairakkz

Қазақстанмен шекаралас Өзбекстан аумағында жер сілкінісі болды

bairakkz