Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

Медицина қызметкерлеріне күш көрсеткендер енді қатаң жазаланады

Ақорда

Мемлекет басшысы медицина қызметкерлеріне күш көрсететіндерге қарсы заңды күшейтуді тапсырды. Бұл туралы Президентінің кеңесшісі — баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді деп хабарлайды bairak.kz.

Мемлекет басшысы медицина қызметкерлеріне күш қолданып және қатыгездік танытқан әрекеттерге қатысты жазаны қатаңдату мақсатында ұлттық заңнамаға өзгерістер енгізу туралы Парламент депутаттарының, денсаулық сақтау саласы өкілдерінің және белсенді азаматтардың ұсынысын қолдайды, — делінген хабарламада.

Дәрігерлердің денсаулығына нұқсан келтіріп, өміріне қауіп төндіретін мұндай келеңсіздіктерге «Заң және тәртіп» қағидатына сәйкес құқықтық тұрғыда батыл түрде тосқауыл қойылуы керек.

— Президент Үкіметке тиісті заңнамалық түзетулер әзірлеуді тапсырды. Бұл бастама Парламентте азаматтық қоғам өкілдерімен бірге талқыланады, — деп жазды баспасөз хатшысы.

Сәйкес жаңалықтар

ДЕНИСТІ ӨЛТІРГЕНДЕР ЖАЗАЛАНДЫ

bairakkz

«Абай әлемі»: Ақтауда Ұлы ақын шығармашылығы ұлықталды

bairakkz

Елордада жүкті әйелге сирек жатырішілік ота жасалды

bairakkz