Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметБасты ақпаратЖаңалықтарОқиғалар

Burger King Kazakhstan аумақтық менеджерлері Сергей мен Анастасия жұмыстан босатылды

Фото: freepik.com

Компания аутизммен ауыратын Әлібек Қаратайға қатысты қоғамда резонанс тудырған оқиға бойынша қосымша мәлімдеме жасады.

Ресми ақпаратқа сәйкес, жағдайдың мән-жайын анықтау үшін ішкі тексеріс әлі де жалғасуда. Компания барлық деректі жан-жақты қарастыру мақсатында ұжым ішіндегі жұмыс үдерістері мен өзара әрекеттесуді қосымша саралап жатқанын хабарлады.

Мәлімдемеде инклюзивтілік пен тең мүмкіндіктер қағидалары ұстанылатыны, әр адамға құрметпен қарау корпоративтік мәдениеттің негізгі бөлігі екені атап өтілген. Корпоративтік стандарттарға қайшы келетін кез келген әрекет бренд ұстанымын білдірмейтіні айтылды.

Қабылданған басқарушылық шешімге сәйкес, аумақтық менеджерлер Сергей мен Анастасия компаниядағы қызметінен босатылды. Компания кемсіту мен құрметсіздікке жол берілмейтінін мәлімдеді.

Сондай-ақ, компания Жанат Қаратаймен байланысқа шығып, жағдайды реттеу бойынша алдағы қадамдарды талқылауды ұсынған. Бұған дейін оның әлеуметтік желідегі жазбасы қоғам назарын аударып, кең талқылауға себеп болған еді.

Сәйкес жаңалықтар

Үржарда көлік қағып қаза тапқан балалар жер қойнына тапсырылды

bairakkz

Өскеменнің экс-әкімі жаңа қызметке тағайындалды

bairakkz

Задержанный в ИВС: «Спасибо, что дали возможность сделать свой выбор»

bairakkz