Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

Қазақстан оқушылары Халықаралық экономика олимпиадасынан жүлделі оралды

NIS

Бакуде өткен IEO – 2025 Халықаралық экономика олимпиадасында Қазақстанның атынан барған оқушылар алтын мен қос күміс еншіледі, деп хабарлайды bairak.kz BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Астанадағы физика-математика бағытындағы NIS оқушысы Батырхан Мұхтархан алтын медаль жеңіп алса, NIS IB мектебінің оқушылары Әділет Абзалиев пен Нұрхан Төлеев күміс медальдарға ие болды.

Олимпиада биыл 53 елден келген 300-ден астам қатысушыны біріктірді. Қатысушылар экономикалық теория, қаржылық сауаттылық және бизнес-кейсті шешу бағыттарында білімдерін сынға салды. Қазақстандық жас зияткерлер бұл сыннан сүрінбей өтіп, өздерінің академиялық дайындығы мен халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін дәлелдеді.

Сәйкес жаңалықтар

Абай облысында көлік ішінде екі адам тірідей жанып кете жаздады

bairakkz

Болашақ бір палаталы Парламенттің заң шығару қызметі талқыланды

bairakkz

СУПЕРКУБОК АЛМАТЫДА

bairakkz