Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
АймақӘлеуметЖаңалықтар

Жыл соңына дейін Абай облысында жолдарының 70%-ы жөнделеді

Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Облыста республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 2 176 шақырымды құрайды. Оның ішінде 1 592 шақырым жол «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Абай облыстық филиалының қарауында. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында аталған филиал директоры Айбек Ануарбеков баяндады, деп хабарлайды bairak.kz.

— Қазіргі таңда өңірде 250 шақырым жолда орташа жөндеу жүріп жатыр. Бұл учаскелерге «Семей – Қайнар», «Семей – Барнаул», «Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Бұғаз» және тағы да басқа бағыттар кіреді, — деді филиал басшысы.

Сонымен қатар, 584 шақырым жолда қайта жаңарту жұмыстары қолға алынған. Атап айтқанда, бұл — «Қалбатау – Майқапшағай» және «Талдықорған – Қалбатау – Өскемен» бағыттары.

Спикердің айтуынша, алдағы жылдары Қазақстан Даму Банкі қаржысымен ұзындығы 522 шақырым болатын қосымша жолдар жаңғыртылады.

Айбек Ануарбеков жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған жұмыстар туралы да атап өтті.

— Жол бойына 14 мамандандырылған автоматтандырылған өлшеу құралы (МАӨҚ) орнатылады. Сондай-ақ, Қалбатау, Аршалы, Үржар ауылдары мен Семей қаласында 4 шатыр, Қызыл-Кесік ауылында 1 ангар салынуда. Ауыспалы ақпараттық таблолар да орнатылып жатыр, — деді ол.

Қолға алынған шаралар жол сапасын жақсартып, көлік қозғалысының қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Сәйкес жаңалықтар

Мәжіліс депутаты «Самұрық-Қазына» қорын таратуды ұсынды

bairakkz

Астана экологиясы: Мәселе, мүмкіндік және «Таза Қазақстанның» рөлі

bairakkz

АСТАНАҒА КІМ ҚАРСЫЛАС АТАНУЫ МҮМКІН ?

bairakkz