Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарОқиғалар

Талғат Мұсабаев өмірден өтті

Ұшқыш-ғарышкер, Халық қаһарманы Талғат Мұсабаев 74 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды  bairak.kz интернет порталы.

Қасым-Жомарт Тоқаев әйгілі ұшқыш-ғарышкер, Халық қаһарманы, мемлекет және қоғам қайраткері Талғат Мұсабаевтың дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтты.

Талғат Амангелдіұлы үш мәрте ғарышты бағындырған, ашық космосқа шығып, айтулы ерлігімен еліміздің атын әлемге танытқан батыр тұлға еді. Отандық аэроғарыш саласын дамытуға бар күш-жігерін жұмсап, еселі еңбек етті. Сенат депутаты және қоғам қайраткері ретінде көптеген игі іске бастамашы болды. Кәсіби біліктілігімен, айналасына сыйлы азаматтық қалпымен халықтың құрметіне бөленген Талғат Амангелдіұлының жарқын бейнесі ұмытылмайды. Иманы саламат, жаны жәннатта болсын, — деп жазылған жеделхатта.

Талғат Мұсабаев 1951 жылы 7 қаңтарда Алматы облысының Жамбыл ауданында дүниеге келген. Әр жылдары Қазақстан Ұлттық ғарыш агенттінің төрағасы, президент кеңесшісі, парламент сенатының депутаты болып қызмет атқарды.

Сәйкес жаңалықтар

Алматыға «Реал Мадрид» келеді

bairakkz

Лев Черепанов Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды

bairakkz

Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар ісі жөніндегі басқарма сауалнама жүргізді

Ришат