Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарОқиғалар

Ресейде Ан-12 ұшағы апатқа ұшырады: 17 адам қаза тапқаны хабарланды

Mash

17 қараша күні кешке Ресейдің Кемерово облысында Ан-12 ұшағы апатқа ұшырады. Алдын ала мәлімет бойынша, борттағы 17 адам қаза тапқан.

Әуе апаты Кемерово қаласына жақын орналасқан Ягуново ауылының маңында болған. Оқиға орнына өрт сөндірушілер, полиция және төтенше жағдайлар қызметінің мамандары жетті.

Кемерово облысының губернаторы Илья Середюк авиациялық оқиғаны растап, апат орнына өзі барғанын хабарлады. Оның айтуынша, оқиға орнында жедел штаб құрылып, тиісті қызметтер жұмыс істеп жатыр.

Mash және SHOT Telegram арналарының мәліметінше, апатқа ұшыраған Ан-12 ұшағы Новосибирскіден Канск қаласына бағыт алған. Әуе кемесі елді мекен маңындағы ашық алқапқа құлаған. Ұшақ сынықтары шамамен 500 метр аумаққа шашылған.

Куәгерлердің айтуынша, ұшақ әуеде өртеніп, кейін күрт төмен құлдилаған. Жерге соғылған сәтте жарылыс болған.

Алдын ала болжам бойынша, апатқа қозғалтқыштардың бірінің өртенуі себеп болуы мүмкін. Кейбір дереккөздер экипаждың соңғы сәтке дейін ұшақты тұрғын үйлерден алыс бағытқа бұруға тырысқанын хабарлады.

Жердегі ғимараттар мен тұрғын үйлерге зақым келмегені айтылуда.

Әзірге қаза тапқандар саны мен апаттың нақты себебі ресми түрде расталған жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Сәйкес жаңалықтар

ТОҒЖАННЫҢ ТАБЫСЫ

bairakkz

БІЛІКТІ БАПКЕР

bairakkz

Айдар Шәрібаев — Карлос Падилья жекпе-жегінің өтетін уақыты белгілі болды(видео

Ришат