Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

Мұражайдағы тарих: жастар жәдігерлермен танысты

Мұражайдағы тарих: жастар жәдігерлермен танысты

Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының «Азаматтық борыш» жобасы аясында «Мәңгілік даңқ» мұражайында студент жастарға арналған бірқатар экскурссиялар өтті.

Мұражай қызметкерлерлері жастарға соғыс тарихынан сыр шертетін жәдігерлерді таныстырса, жоба жетекшісі, Қазақстан Қарулы Күштерінің ардагері, толыстағы полковник Мұхамбетжан Әбдібеков патриоттық тәрбие беру мақсатында өзінің ақылын айтты. «Патриот жастарды не үшін тәрбиелейміз? Оларды әділ болсын деп тәрбиелейміз. Қазақстанның Қарулы күштері қатарына тек адал адамдар ғана тартылу керек» дейді ол.

Мұражайдағы тарих: жастар жәдігерлермен танысты

Жоба аясында барлығы 10 экскурссия өтті. оған 200-ден астам студент қатысты.

Ал мұражай туралы айтар болсақ, ол 2 қабаттан тұрады, көрме кешені 2 200 шаршы метр алаңды қамтиды. Мұражайда 20-шы ғасырдың басынан бері қолданылған кеңестік әскери техника мен қару-жарақтың үлкен коллекциясы бар. Олар: бронды қару-жарақ пен техника, жер үсті артиллериясы мен минометтар, әуе қорғанысы күштері, арнайы техника. Сонымен бірге мұражайдың екінші қабатында ауған соғысының тарихи жәдігерлері қойылып, ауған соғысындағы қаза тапқан Қазақстан азаматтарының тізімі ілінген.

Сәйкес жаңалықтар

Жаңаарқа ауданындағы шахтадан қаза тапқандардың суреті жарияланды

bairakkz

Қазақстан мен Еуроодақ стратегиялық диалогты тереңдетуге ниетті

bairakkz

Қазақстанда әкімшілік амнистия: айыппұлдар кешірілуі мүмкін

bairakkz