Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы Ерлан Қошанов азаматтарды жеке қабылдап, өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.
Қабылдауда тұрғын үй мәселелері, борыштық жүктемені реттеу, адал қарыз алушыларды қолдау, еңбек адамының мәртебесін арттыру, жастарға кәсіби бағдар беру, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды қолдау, алимент төлеу жүйесін жетілдіру және тағы басқа да мәселелер көтерілді.
Атап айтқанда, Ақтөбе облысының тұрғыны Жәмила Қылаубаева үлескерлердің құқықтарын бұзған құрылыс компаниялар туралы айтты. Ол зардап шеккен 625 азаматтың шарттарын тіркеу мәселесін шешуге жәрдемдесуді сұрады.
Ерлан Қошанов Ақтөбе облысының әкімдігіне Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен бірлесіп, қажетті нормативтік-құқықтық актілерге жедел өзгерістер енгізіп, көтерілген мәселені қысқа мерзімде шешуді тапсырды.
Азаматтардың нақты мәселелерін шешумен қатар, қабылдау барысында қоғамдық маңызы бар ауқымды бастамалар да талқыланды.
Қабылдау барысында Әділбек Сағынаев еңбек адамына құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыруға, мектеп оқушыларына ерте жастан кәсіби бағдар беруге және ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға бағытталған кешенді бағдарлама әзірлеу жөнінде бастама көтерді.
Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы бұл бағыт Мемлекет басшысының тұрақты назарында екенін атап өтті. Президент өз сөздерінде еңбек адамының мәртебесін арттыру, өскелең ұрпақтың бойына еңбекқорлық пен жауапкершілік құндылықтарын сіңіру, жастарға ерте кәсіби бағдар беру және ұрпақтар сабақтастығын нығайту мәселелерін үнемі көтеріп келе жатқанын жеткізді.
Сондай-ақ бұл мәселенің кеше ғана Қазақстан Халық Кеңесінің отырысында да талқыланғанын атап өтіп, Қазақстан Халық Кеңесі Төрағасының орынбасары Ләззат Шыңғысбаеваның жетекшілігімен осы бағыттағы жұмысты үйлестіру үшін ведомствоаралық жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданғанын хабарлады.
Сонымен қатар қабылдау барысында мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды кешенді қолдауға бағытталған пилоттық бағдарламаны іске асыру мәселесі талқыланды. Бұл бастаманы көтерген Әсия Тикеева отбасыларға психологиялық көмек көрсетудің, аналардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдап, гранттар бөлудің, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар базасында өңірлік қолдау орталықтарын ашудың маңыздылығына тоқталды.
Осы жөнінде Ерлан Қошанов Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Қалтаева Ләззат жетекшілік ететін «Әлеуметтік саясат жөніндегі комиссия» комиссияда қарау қажеттігіне тоқталды. Тиісті сала министрліктері де мәселені назарға алатындарын жеткізді.

Қабылдау барысында Әбділдин Аслан «Бала қоры» алименттерді алдын ала төлеу қорын құру жөніндегі бастамасын ұсынып, отбасы және жастар саясаты саласындағы алты жоба бойынша мемлекеттік органдарға нақты ұсынымдар әзірлеу қажеттігін атап өтті. Аталған ұсыныстар қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес қаралып, көтерілген мәселелер мен бастамалар жан-жақты зерделенетін болады.
Әлеуметтік бастамалармен қатар, қабылдау барысында қалалық инфрақұрылымды дамыту мәселелері де көтерілді. Астана қаласының тұрғыны Набиуллина Қарлығаш Кирпичный тұрғын алабында дене шынықтыру-сауықтыру кешенін, мемлекеттік балабақша мен бейімдеу орталығын салу мәселесін көтерді. Өз кезегінде Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Нүркенов аталған нысандардың құрылысы 2027 жылға арналған жоспарда қарастырылғанын жеткізді.
Қоғамдық қабылдау барысында бұдан бөлек, бірқатар тұрғынның ұсыныс-пікірлері мен өтініштері тыңдалып, өзекті мәселелері талқыланды. Әрбір өтініш бойынша тиісті түсініктемелер беріліп, көтерілген бастамалар назарға алынды. Тұрғындардың ұсыныстары жан-жақты зерделеніп, құзырлы мемлекеттік органдармен бірлесіп, заңнама аясында шешу жолдары қарастырылатын болад
