Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарСаясат

Бас прокуратура Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу басталғанын хабарлады

Фото: gov.kz

Бас прокуратура Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің бұрынғы төрағасы Қайрат Қожамжаровқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлады bairak.kz.

Ресми ақпаратқа сәйкес, Қожамжаровқа лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және әртүрлі кезеңдерде басшылық қызметтер атқарған уақытта қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру фактілері бойынша іс қозғалды.

Барлық қылмыстық істер бойынша арнайы прокурорлардың жетекшілігімен жедел-тергеу топтары құрылған.

Сонымен қатар, ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жарияланбайтыны айтылды.

Сәйкес жаңалықтар

Шерзат өлімі бойынша сот отырысын сынаған блогерлерге ескерту жасалды

bairakkz

Лукашенко: «Мен Зеленскийді өз ұлымдай көрдім»

bairakkz

Мақпал Жүнісова жақсы жаңалығын бөлісті

bairakkz