Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
АймақӘлеуметЖаңалықтар

Алматы облысында Қаңтар оқиғасы кезінде қару ұрлаған күдіктілер ұсталды

Фото: polisia.kz

Биыл заңсыз айналымнан 50-ге жуық қару, сонымен қатар 500-ден астам оқ-дәрі және 6 жарылғыш зат алынды; қару жасырылған 12 қойма анықталды; Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 6 дана қару және полицияның арнайы жабдықтары тәркіленді, деп хабарлайды bairak.kz.

Ішкі істер министрлігі қару-жарақ пен оқ-дәрілерді заңсыз айналымнан тәркілеу бойынша жұмысты жүйелі негізде жүргізеді. Бұл жұмыс жедел-профилактикалық іс-шаралардың аясында да жалғасады.

Биыл 1 қыркүйектен бастап елімізде республикалық «Учаске» жедел алдын-алу іс-шарасы өтіп жатыр. Оның шеберінде: заңсыз айналымнан 50-ге жуық қару, сонымен қатар 500-ден астам оқ-дәрі және 6 жарылғыш зат алынды; қару жасырылған 12 қойма анықталды; Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 6 дана қару және полицияның арнайы жабдықтары тәркіленді: оның біреуі Калашников автоматы, бір тапанша, екі ойық мылтық және екі тегіс ұнғылы қару, сонымен қатар қызметтік бронежилеттер мен каскалар бар; азаматтар тарапынан 15 қару өз еркімен тапсырылды.

21 мыңнан астам азаматтық қару тексеріліп, онда 400-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 5 қыркүйекте Алматы облысында жергілікті тұрғындар ұсталды, олардан Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы қаласында ұрланған арнайы мылтық тәркіленді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр, — деді ІІМ криминалдық полиция департаменті басқарма бастығының орынбасары Жандос Батырбеков.

Сәйкес жаңалықтар

Еліміздегі апта ішіндегі кадрлық тағайындаулар

bairakkz

Қол күрестен халықаралық спорт шебері Семенов Евгений Сарқан ауданы әкімінің сайлауында таңдауын жасады.

bairakkz

Былтыр 263 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді

bairakkz