Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
АймақӘлеуметЖаңалықтар

«Қазатомөнеркәсіп» АҚ қаражатын жымқыру ісі сотқа жолданды

www.kazatomprom.kz

ҚМА Алматы облысы бойынша департаменті «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ құрылымындағы негізгі кәсіпорын – геологиялық жұмыстар мен технологиялық бұрғылауға жауапты «Волковгеология» АҚ-ның бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлайды bairak.kz.

Компанияның бұрынғы басқарма төрағасы Д.Н. Молдаши екі жыл бойы орындалған жұмыстар бойынша жалған актілер рәсімделетін схеманы ұйымдастырған.

Атаған құжаттарда «Казбурмаш СК» ЖШС-нен жеткізілмеген қосалқы бөлшектер қабылданғаны туралы жалған мәліметтер көрсетілген.

Осы жалған актілер негізінде контрагентке 86 млн теңгеден астам сома аударылған. Кейін бұл қаражат заңсыз иемделген.

Тергеу барысында күдіктілер келтірілген материалдық шығынды толық өтеді.

Қылмыстық іс сот қарауына жолданды.

Еске сала кетейік, бұған дейін осы іс аясында «Волковгеология» АҚ филиалының директоры А.М. Борашев, сондай-ақ «Казбурмаш СК» ЖШС басшысы Е.С. Алипбаев пен бухгалтер Г.Ж. Токатаева 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылған болатын.

Сәйкес жаңалықтар

ТАЛҒАР ТАЛАНТТАРДЫ ШЫҢДАЙДЫ

bairakkz

Ербол Мырзабосынов QJ League жобасының басшылығымен балалар футболын дамыту мәселесін талқылады

bairakkz

«Нұрикамал» әнінің авторы Дулат Исабековтің асынан кейін сынға ұшырады

bairakkz