Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

Зейнетақы қаржысына енді тіс емдете алмайсыз

Фото: findhospital.com

Қазақстанда стоматологиялық қызметтерге ақы төлеу үшін зейнетақы жинақтарын пайдалану бойынша өтініштер қабылдау тоқтатылады. Шектеу 15 қыркүйектен бастап күшіне енеді, деп хабарлайды bairak.kz.

«Отбасы банк» баспасөз қызметі хабарлаған мәліметке сай, 2025 жылғы 15 қыркүйектен бастап enpf-otbasy.kz платформасында тіс емдеуге зейнетақы жинақтарын (БЖЗҚ қаражатын) пайдалану жөніндегі өтінімдер қабылданбайды делінген.

Аталған күнге дейін берілген барлық өтінімдер қалыпты тәртіпте қаралып, өңделеді. Тіс емдеуге БЖЗҚ қаражатын пайдалану үшін өтінім қабылдау қайта қашан басталатыны туралы қосымша хабарланады, — делінген банк хабарламасында.

Сәйкес жаңалықтар

Астанада полицей жаттығудан кейін көз жұмды

bairakkz

«Отставкаға кеткенімен, саяси сыпайылықты сақтай бермейтін». Тоқаев Назарбаев туралы айтты

bairakkz

Батыс Қазақстанда бір үйдің бес баласы қайтыс болды

bairakkz