Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарОқиғалар

Қазақстандықтар зейнетақы жинағынан тіс емдету мүмкіндігінен айырылуы ықтимал

www.gov.kz

Денсаулық сақтау министрлігі азаматтарға зейнетақы қорындағы «артық» қаражат есебінен стоматологиялық қызметке жүгінуге толық тыйым салуды ұсынды, деп хабарлайды bairak.kz.

Тиісті бұйрық жобасы Ашық нормативтік-құқықтық құжаттар порталында жарияланды. Ол 2021 жылғы 15 ақпандағы № ҚР ДСМ-18 бұйрыққа өзгеріс енгізуді көздейді. Құжат 30 қыркүйекке дейін талқылауға шығарылады.

Жоба мәтінінде: Зейнетақы жинақтарын мақсатсыз пайдаланудың алдын алу үшін стоматологиялық қызметтерге (протездеу, имплантация) біржолғы төлемдерді пайдалану жөніндегі норманы алып тастау ұсынылады,  деп жазылған.

Осылайша министрлік медициналық қызметтердің тізімін қайта қарап, біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану аясын шектеуді жоспарлап отыр.

Айта кетейік, қазіргі таңда Атырауда жалған стоматологиялық қызмет арқылы азаматтардың зейнетақы қорынан шамамен 200 млрд теңге шешіп алған бес қылмыстық топқа қатысты тергеу жүріп жатыр. Қаржы мониторингі агенттігі 10 адамға бұлтартпау шарасы қолданылғанын хабарлады. Тергеуде барлығы елуге жуық адам және 200-ден астам дроппер бар. Дегенмен, зейнетақы ақшасын тіс емдету үшін пайдаланған азаматтар қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды.

Сәйкес жаңалықтар

«Жетісу кубогының» жеңімпаздары

bairakkz

Мукагали Макатаев сделал свой выбор

bairakkz

Ұлытау облысында картоп бағасы қалай болып жатыр? Әкімдік жауап берді

bairakkz