Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

Қыз алып қашу енді ауыр қылмыс саналады

2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап Қазақстанда азаматтарды еріксіз некеге итермелеу үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Бұл өзгерістер қылмыстық заңнаманы жетілдіру және азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту мақсатында қабылданды.

«ҚР қылмыстық заңнамасын оңтайландыру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң аясында адам ұрлау және мәжбүрлі неке тақырыптарына ерекше назар аударылды.

Басты өзгеріс — Қылмыстық кодекстің 125-бабындағы ескерту нормасының жойылуы. Бұған дейін ұрланған адамды өз еркімен босатқан жағдайда кінәлі қылмыстық жауапкершіліктен құтылуы мүмкін еді. Енді бұл мүмкіндік алынып тасталды: жәбірленушіні босатқан күннің өзінде қылмыскер заң алдында жауап береді.

Сонымен қатар Қылмыстық кодекске жаңа 125-1-бап енгізілді. Ол «Некеге мәжбүрлеу» деп аталады және мұндай әрекеттерді қылмыс ретінде қарастырады.

Жаза шаралары:

айыппұл, түзеу немесе қоғамдық жұмыстар;

бас бостандығын шектеу не екі жылға дейін бас бостандығынан айыру;

егер әрекет ауыр зардаптарға әкелсе — бес жылдан он жылға дейін түрме жазасы;

зорлық-зомбылықпен, кәмелетке толмағандарға қатысты немесе қызмет бабын пайдаланып жасалса — бұдан да қатаң жаза қолданылады.

Бұл заңнамалық өзгерістер некеге мәжбүрлеу фактілерінің алдын алып, әсіресе әйелдер мен жасөспірімдердің құқығын қорғауға бағытталған.

Сәйкес жаңалықтар

Қазақстанда ауа райы күрт суытады, қар жауады

bairakkz

Биыл Ақордаға 82 мыңнан астам өтініш түсті

bairakkz

Владислав Челах шартты түрде босап шығуы мүмкін — адвокат

bairakkz