Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
АймақӘлеуметЖаңалықтар

Қазақстанмен шекаралас Өзбекстан аумағында жер сілкінісі болды

Фото: Анадолы

Өзбекстанның Науаи облысына қарасты Кинемех ауданында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды bairak.kz.

Өзбекстан Сейсмикалық мониторинг орталығының дерегінше, жерасты дүмпуі бүгін таңғы сағат 9:14-те болған. Эпицентрдегі жер сілкінісінің магнитудасы 4 балл болса, көршілес Бұхара облысының Гиждуан ауданында дүмпу күші 2–3 балл аралығында сезілген.

Айта кетейік, Науаи облысы Қазақстанның Қызылорда облысымен шекаралас орналасқан. Сондықтан аталған сілкініс қазақ жеріне де әсер етуі мүмкін деген алаңдаушылық туындады.

Еске сала кетсек, бұған дейін 1 қыркүйекке қараған түні Ауғанстанда 6 балдық қуатты жер сілкінісі болып, салдарынан 2200-ден астам адам қаза тапқан еді. Бұл туралы «Талибан» қозғалысының ресми өкілінің орынбасары Хамдулла Фитрат X әлеуметтік желісінде хабарлаған болатын.

Сәйкес жаңалықтар

АРДАГЕРЛЕР КҮМІСПЕН КҮПТЕЛДІ

bairakkz

Қазақстанда Жасанды интеллект университеті ашылады

bairakkz

Еліміздің баянды болашағы, бақытты өмірі үшін өнерпаздар отбасы бір кісідей дауыс берді.

bairakkz