Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

Үкімет шетелдік туристер үшін паспорттық бақылауды жеңілдетуді жоспарлап отыр

primeminister.kz

Президенттің Жолдауын іске асыру аясында туризм саласын дамыту мәселелері талқыланды. Кеңесті Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев өткізді, деп хабарлайды bairak.kz.

Жиын барысында орталық мемлекеттік органдар мен өңірлердің өкілдері еліміздің негізгі туристік дестинацияларындағы жағдайды баяндап, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша есеп берді.

Вице-премьер қабылданып жатқан шаралардың әлі де жеткіліксіз екенін атап өтті. Оның айтуынша, туристік инфрақұрылымды дамыту мен қызмет көрсету сапасын арттыруға ерекше көңіл бөлу қажет. Сонымен қатар ол курорттық аймақтарды 2026 жылдың жаз маусымына дейін толыққанды дайындауды тапсырды.

Көшербаевтың мемлекеттік органдарға берген тапсырмалары:

  • курорттық аймақтарды абаттандырудың бірыңғай стандарттарын әзірлеу;

  • туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  • шетелдік қонақтар үшін паспорттық бақылау рәсімдерін жеңілдету;

  • сұранысқа ие әуе бағыттарына халықаралық лоукостерлерді тарту;

  • туристік қызмет сапасын арттыруға бағытталған шараларды жүйелі түрде іске асыру.

Бұл шешімдер Қазақстанға келетін шетелдік туристердің ағымын арттыруға, туризм индустриясын дамытуға және елдің халықаралық тартымдылығын күшейтуге бағытталған.

Сәйкес жаңалықтар

Жамбылдық әйел туыстарының атына 22 млн теңге несие алған

bairakkz

«Түк дауысы жоқ екен»: Қазақ әншілерінің караокеде орындаған әні сынға ұшырады

bairakkz

Шахтадағы апат: бірқатар басшыға сот үкімі шықты

bairakkz