Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Жаңалықтар

ФРАНЦИЯ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ

Талдықорғандағы «Жастар» саябағының амфитеатр алаңында облыс әкімі Амандық БАТАЛОВ өңір жұртшылығымен төрткүл дүние тағатсыздана күткен Ресей еліндегі Әлем чемпионатының ақтық бәсекесін тамашалады.

         Шара барысында облыс әкімі Амандық Ғаббасұлы: «Бүгін арнайы сіздермен бірге Әлем чемпионатының ақтық бәсекесін ашық аспан астында тамашалауға келдім. Франция мен Хорватияның екеуі де чемпион болуға лайық команда. Сондықтан тек мықтылар жеңсін! Сіздердің араларыңыздан да Олимпида, Әлем чемпиондары шықсын, – дей келе  5 шағынауданы, «Жастар», «Каратэ орталығы» сияқты аула клубтарының бүлдіршіндеріне теңбіл доп сыйға тартты.

Осыдан кейін Мәскеудің «Лужники» стадионында өткен дүбірлі доданы тамашалдық. Ойын ә дегеннен-ақ Хорватия құрамасының шабуылымен басталды. Төрешінің ысқырығы шалына салысымен хорваттар қарсыластар қақпасына лап қойып, француз қорғанысын әбден састырды. Бірақ, француздар да қарап қалмады. Жылдам қарымта шабуылдарды ұйымдастыруға тырысты. Сондай шабуылдардың бірінде Антуан Гризманның   мүлтіксіз орындаған айып добы хорватиялық шабуылшы Марио Манджукичтің (автогол) басына тиіп есепті ашты. Ойын тізгінін қолында тұрып гол жіберген харваттар енді бар күш-жігерімен шабуылға шықты. Осындай жүйелі шабуылдардың тізбегі өз нәтижесін берді. Кездесудің 28-минутында Перишич таразы басын теңестірді. Бірақ, араға 10 минут салып француз шабуылшысы Антуан Гризман 11 метрлік айып добынан көзге түсіп, есепті еселеді.

Кездесудің екінші кезеңі Франция  құрамасының басымдығымен басталды. Жіберілген голдан кейін шақпақ жейделілер ес жиып шабуылдай ма деп едік, керісінше, француздар жігерленіп, өздеріне деген сенімділігі артып, шабуылдарын үдетіп, хорваттық қақпашының мазасын алды. Ал кездесудің 59-минутында Поль Погба есепті еселеді. Осы голдан кейін хорват ойыншыларының сағы сынғандай көрінді. Есепті еселеген француздар қорғаныста жамбастап жатып алған жоқ, алған бетінен қайтпады. Шабуылды үсті-үстіне үдетті. Осылайша ойының 65 минутында Мбаппе есепті 4:1-ге жеткізді. Не бел, не белбеу кетеді. Хорваттар барын салып ойнады. Араға төрт минут салып француз қақпашысының қателігін Марио Манджукич пайдаланып, есепті қысқартқанымен, бұдан әрі Уго Льорис қорғаған қақпадан саңлау таба алмады. Франция әлемнің екі дүркін чемпионы атанды. Ал Хорватия алғаш рет Әлем кубогының финалында өнер көрсетті.

 

Сәйкес жаңалықтар

Еркежан Сабырбайқызы: «Қазіргі бессайыс қазаққа жат емес»

Ришат

КҮШ АТАСЫН ТАНЫМАС

bairakkz

Елбасы футбол ойнады

Ришат