Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

Қазақтың әжелері Париж бен Милан сән апталығында подиумға шығады

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Қазақстан атынан Париж және Милан сән апталықтарында ерекше мәдени жоба — «Әлемді таңғалдырған әжелер» ұсынылмақ, деп хабарлайды bairak.kz.

Жоба аясында еліміздің әр өңірінен кастинг арқылы іріктелген, жасы 60 пен 74 аралығындағы апалар сән сахнасына шығады. Олардың арасынан таңдалған 20 қатысушы Еуропаға аттанып, ұлттық нақыштағы «Ақ маржан» топтамасын көрсетеді.

Министрліктің мәліметінше, бұл бастама Еуропа сән апталығына төртінші рет жол тартқалы отыр. Биылғы көрсетілім Халықаралық қарттар күніне және Қазақстанда дәстүрлі түрде өткізілетін Қарттар айына орайластырылған.

Жобаның авторы — белгілі қазақстандық дизайнер, Еуразия дизайнерлер одағының мүшесі әрі Ұлттық дизайнерлер академиясының академигі Раушан Әнуарбекова. Ол қазақтың ұлттық дәстүрінен шабыт алған заманауи топтамаларымен танымал және бұған дейін Milan Fashion Week, Paris Fashion Week, Aspara Fashion Week сахналарында өз жұмыстарын ұсынған.

Сәйкес жаңалықтар

Тоқаев Франческо Депаскуалені қабылдады

bairakkz

«Үшінші қақпа»: ҚАРА ҚҰРЛЫҚТЫҢ КҮШТІСІ

bairakkz

Бокс Қанат Ислам: Намысты жігіттерімізге жол көрсете алмасақ, чемпиондық атақтың құны көк тиын

Ришат