Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

Талғардағы психиатриялық ауруханада атышулы қылмыскерлер емделіп жатыр – депутаттар Үкіметке дабыл қақты

stan.kz

Сенат депутаттары Геннадий Шиповских пен Евгений Больгерт Премьер-министр Олжас Бектеновке жолдаған сауалында Алматы облысы, Талғар ауданы, Ақтас ауылындағы «Жіті бақыланатын мамандандырылған үлгідегі республикалық психиатриялық аурухананың» жағдайына алаңдаушылық білдірді.

Депутаттардың айтуынша, бұл — психикалық ауытқуы бар және қоғам үшін аса қауіпті адамдарды сот шешімімен мәжбүрлі емдеуге жіберетін еліміздегі жалғыз мекеме. Мұнда террористік және экстремистік ұйымдардың мүшелері, кісі өлтірушілер, педофилдер және өзге де ауыр қылмыс жасаған адамдар ем қабылдайды. Тіпті отандық «5:32» фильміндегі маньяк кейіпкерлердің прототиптері де осы жерде жатыр.

Мұнда террористік және экстремистік ұйымдардың қатысушылары, кісі өлтірушілер, педофилдер және өзге де аса ауыр қылмыс жасаған адамдар ем қабылдайды. Тіпті көпшілікке таныс «5:32» фильміндегі маньяк кейіпкерлердің прототиптері де осы мекемеде жатыр. Демек, бұл тек медициналық емес, ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан да аса маңызды мәселе, — деді депутаттар өз сауалында.

Ғимарат 1972 жылы салынған және содан бері күрделі жөндеу көрмеген. Палаталар тар, санитарлық жағдай нашар, пандус пен лифт жоқ, қоршау қауіпсіздік талаптарына сай емес. Қазір мекемеде штаттағы 750 адамның орнына 647 қызметкер ғана жұмыс істейді. Ең төмен жалақы мен әлеуметтік қолдаудың жоқтығы кадр тапшылығын күшейтіп отыр.

Депутаттар аурухананы стратегиялық нысандар қатарына енгізуді, 300 орындық жаңа корпус салуды, күрделі жөндеу мен инфрақұрылымды жаңартуды, сондай-ақ қызметкерлердің жалақысын арттырып, әлеуметтік пакет қарастыруды ұсынды.

Олардың айтуынша, бұл мәселе тек медициналық емес, ұлттық қауіпсіздікке де қатысты. Егер тиісті шаралар дер кезінде қабылданбаса, қоғам үшін ауыр салдар туындауы мүмкін.

Сәйкес жаңалықтар

ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА ОЙЫНШЫЛАР ТІЗІМІ

bairakkz

Жеңілатлет Нора Джерута Олимпиадаға іріктеуден өтті

Ришат

Қонаев қаласында “Арена” драмасы сахналанды

bairakkz