Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
АймақӘлеуметБасты ақпаратЖаңалықтарОқиғалар

Жамбыл облысында күйеуі сәлем салмаған келіншегін сотқа берген

Фото - Caravan.kz

Жуалы аудандық соты ӘҚБтК-нің 73-бабы 1-бөлігі (отбасылық-тұрмыстық қатынастарда былапыт сөз айту) бойынша азамат Т.-ға қатысты әкімшілік істі қарады, деп хабарлайды bairak.kz.

Іс материалдарына сәйкес, мейрамханада өткен үйлену тойы кезінде азамат Т. жұбайынан қазақтың дәстүрі бойынша үлкен әпкесіне сәлем салуды өтінген. Алайда келін бұл ұсыныстан бас тартқан. Үйге келген соң күйеуі осы әрекетіне реніш білдіріп, жұбайына ауыр сөздер айтқан.

Сот отырысында азамат Т. өз кінәсін толық мойындап, жұбайынан кешірім сұрағанын және олардың медиация арқылы татуласқанын атап өтті. Ол істі тоқтатуды сұрады.

Жәбірленуші де күйеуінің тойдан кейін қайын енесіне қоңырау шалып, «қызы мен немерелерін алып кетуді» дөрекі түрде талап еткенін айтты. Дегенмен ол да татуласуға байланысты істі тоқтатуға қарсы емес екенін білдірді.

Сот тараптардың медиация тәртібімен келісімге келгенін ескеріп, іс жүргізуді тоқтатты.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Сәйкес жаңалықтар

Сайлау күні наурыз көже ұсынылды

bairakkz

«Рұқсатынсыз айта алмаймын»: Жұлдыз Әбдікәрімова үлкен қызының жігіті жайлы сөз қозғады

bairakkz

Burger King Kazakhstan аумақтық менеджерлері Сергей мен Анастасия жұмыстан босатылды

bairakkz